Files HRjczP4FTr by 9N9T3x

VIEWS: 0 PAGES: 22

									        Ақтөбе қаласының әкімі Н.Қ. Әбдібековтің тұрғындар
 алдындағы «Ақтөбе қаласының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық
   дамуының қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттер»
                    атты есепті баяндамасының
                             тезистері

      2011 жылы біз қазіргі заманғы Қазақстан тарихындағы айтулы
даталардың бірі – біздің тәуелсіздігіміздің 20-жылдығын атап өттік.
      Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жыл сайынғы Жолдауында
«Қазақстан тәуелсіздіктің жиырма жылы ішінде экономикада әлемдегі бірде
бір ел қол жеткізе алмаған нәтижелерге жетті» деп мәлімдеді.
      2011 жылдың басы Қысқы Азиада ойындарының ашылуымен басталды.
Оның басты рекорды Жапония, Корея және Қытай елдерінен келген
қарсыластармен күресте қазақстандық спортшылардың 32 алтын медальді
жеңіп алуы болды.
      2011 жылғы сәуірде кезектен тыс президент сайлауы табысты өтті. Ол
біздің ұлттық бірлігіміздің зор жеңісі болды.
      2011 жылы Астанада алдағы онжылдықтағы даму жолдарын анықтаған
Шанхай ынтымақтастық ұйымының тарихи саммиті өтті. Сонымен қатар,
Қазақстан ұйымның дамуындағы ең күрделі кезеңде Ислам Ынтымақтастық
Ұйымына төрағалық етіп отыр.
      Егемен еліміздің мерейтойын біз экономикадағы, әлеуметтік саладағы,
мәдениет пен спорттағы жаңа жетістіктермен қарсы алып отырмыз.
Тәуелсіздіктің 20-жылдығына Ақтөбе қаласында 2011 жылы жаңа
өндірістерді, көп қабатты тұрғын үйлерді, мектептерді, балабақшаларды
және осы заманғы спорт алаңдарын ашу сияқты маңызды да ірі іс-шаралар
арналды.
      2011 жылы қалалық әкімдік жұмысы Президенттің Қазақстан халқына
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында айтылған міндеттерді
жүзеге асыру жолымен қала экономикасының негізгі салаларын дамыту
қарқынын одан әрі күшейтуге бағытталды.
      Қала экономикасының тұрақты және теңгермелі дамуына және еңбек
рыногының тиімділігін арттыруға бағытталған: «Жұмыспен қамту-2020»,
«Бизнестің Жол картасы 2020», «Мемлекеттік үдемелі индустриалдық-
инновациялық даму бағдарламасы», «Тұрғын үй құрылысы
бағдарламасы», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту»
сияқты бірқатар мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда.
      Одан басқа, қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, негізгі
тамақ өнімдеріне бағаны ұстау жөнінде мақсатты жұмыстар және бірқатар
басқа да шаралар жүргізілуде.
      Ақтөбе шын мәнінде республиканың ырғақты дамып келе жатқан
қалаларының бірі болып саналады. Өткен жылдар экономикалық өсім және
қаланың бәсекеге қабілеттілігін көтеру және әлеуметтік-экономикалық даму
жолындағы алға жылжу кезеңі болды.

                                                                         1
                                                   2

      Бізде Елбасы Н.Ә. Назарбаев белгілеген миллион тұрғыны бар қала
болу жөніндегі стратегиялық мақсат бар. Осыған байланысты қаланы
дамытудың экономикалық үлгісі әзірленді, қазіргі уақытта облыс
орталығының Бас жоспарын түзету жөнінде жұмыс жүргізілуде.
      Экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық ахуал адамның
өмір сүруі үшін ыңғайлы жағдай жасайды және тұрғындар санының көбеюі
факторы болып табылады, бұл соңғы бірнеше жылда аңғарылып отыр.
      Тек соңғы 5-6 жыл ішінде ғана тіркелінген тұрғындар саны біржарым
есеге жуық өсті. Егер 2006 жылдың басында 292 мың адам болса, қазір бұл
сан 415,1 мыңға жетті.

                 2005-2011 жж. ішінде Ақтөбе қаласының тұрғындар саны,
                                        мың адам
                                                                             408,8      414,2
                                                       391        395,5
        450
                                   299,6   306,7
        400           292,1
        350
        300
        250
        200
        150
        100
            50
            0
                 2005 ж.    2006 ж.   2007 ж.   2008 ж.      2009 ж.   2010 ж.   2011 ж.



      ЭКОНОМИКА
      Өнеркәсіп өндірісі қала экономикасының негізі болып табылады.
Қазіргі уақытта өнеркәсіп өнімдерін өндірумен 340-тан астам өнеркәсіптік
кәсіпорындар мен өндірістер айналысады.
      2011 жыл ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындар 205,5 млрд.теңгеге өнім
өндірді, табиғи көлем индексі 104,9% құрайды.

                      Ақтөбе қаласы бойынша өндірілген
                         өнеркәсіптік өнімдер көлемі
    300,0
    250,0
    200,0
    150,0                                              188,4                          205,5
    100,0                  136,0
     50,0
      0,0
                       2009 ж.                      2010 ж.                          2011 ж.
                                    өнеркәсіп өндірісінің көлемі, млрд. теңге
                                    3




      Облыстық көлемдегі қаланың өнеркәсіптік өнімдерінің үлесі 16,0%-дан
астам құрайды.
      Өнеркәсіп өндірісінің өсімі рынок конъюнктурасын жақсарту есебінен
ғана емес, сонымен бірге, өткен жылы елдің Мемлекеттік үдемелі
индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған
өндірістік қуатты арттыру есебінен де қамтамасыз етілді.
      Осы бағдарлама аясында 2011 жылы қалада жаңа өндірістер құруға,
кәсіпорындарды жаңалауға және техникалық қайта жабдықтауға бағытталған
19 инвестициялық жобалар іске асырылуда. Инвестициялардың жалпы
көлемі 5,3 млрд.теңге, жұмыс орындарының саны – 863 құрайды.
      Қала экономикасын одан әрі әртараптандыру және оның өнеркәсіптік
әлеуетін өсіру айтарлықтай инвестициялар тарта отырып, бірқатар ірі
жобаларды жүзеге асыруға тікелей байланысты.
      Соның ішінде қуаты жылына 440 мың тонна болатын Ақтөбе
ферроқорытпа зауытындағы жоғары көміртекті феррохром өндірісі жөніндегі
төртінші цех құрылысы. Инвестициялар көлемі 111 млрд теңге құрайды.
Енгізілетін технологиялар инновациялық сипатта. Іс жүзінде сөз жаңа зауыт
құрылысы туралы болып отыр. Жоба жүзеге асырудың белсенді фазасында.
1-ші кезекті пайдалануға беру мерзімі – 2012 жылдың желтоқсаны. Зауытты
іске қосудың ақырғы мерзімі – 2013 жыл.
      «SBS Steel» ЖШС инвестициялар көлемі 70 млрд.теңгелік, қуаты
жылына 500 мың тонна болатын түйіршектелген шөген шығару жөніндегі
электр-металлургиялық зауытының құрылысы бойынша жобасы әзірленуде.
      Жилянское калий тұзы кен орнын игеру базасында минералды
тыңайтқыштар өндіретін зауыт құрылысының қала экономикасын дамыту
үшін аса маңызы зор.
      Құрылыс индустриясының өңірлік кластерін одан әрі дамыту үшін
табақ әйнектерді шығаратын зауыт құрылысы маңызды болып табылады.
      Осы жобалардағы ғана инвестициялар көлемі 230 млрд.-тан астам теңге
құрайды.
      Осы және басқа да перспективалық жобаларды жүзеге асыру 2015
жылы қала экономикасының құрылымын айтарлықтай өзгертіп, өнеркәсіп
өндірісінің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесін 85%-ға дейін
көбейтеді.

      Соңғы     жылдары    қалада  негізгі  капиталға     тартылатын
инвестициялар өсімінің тұрақты қарқыны сақталды. 2011 жылы негізгі
капиталға 115,9 млрд.теңге көлемінде инвестициялар салынды, бұл 2010
жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 30,7%-ға көп. Сонымен бірге
кәсіпорындардың өз капиталы есебінен инвестициялардың өскенін атап
көрсету қажет, бұл айналымдық қаржының айтарлықтай өскенін білдіреді.
                                       4


                     Ақтөбе қаласының негізгі
                  капиталындағы инвестициялар
      150,0                                                     130,7%
      125,0                                  119,0%
      100,0                                                   115,9
                     95,1%
       75,0                                85,4
       50,0         69,0
       25,0
        0,0
                  2009 ж.               2010 ж.              2011 ж.
                   негізгі капиталындағы инвестициялар көлемі, млрд.теңге
                   табиғи көлем индексі, %
     Ақтөбе қаласында осы заманғы ғимараттар салынуда. Жаңа
құрылыстар және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту есебінен
материалдық-техникалық базаны көбейту жүруде.
     2012 жылғы 1 қаңтарда құрылыс жұмыстарының көлемі 46,9
млрд.теңге, табиғи көлем индексі 100,9% құрады.

                   Ақтөбе қаласындағы құрылыс
                            жұмыстары


                  43,0                45,7                  46,9
      34,0

      17,0

       0,0
                 2009 ж.              2010 ж.              2011 ж.

                     құрылыс жұмыстарының көлемі, млрд.теңге

      Қала экономикасының басым бағыттарының бірі, сөз жоқ, шағын және
орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.
      2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қала бойынша шағын және
орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 18 152 бірлікті құрады, бұл
2010 жылмен салыстырғанда 30,0%-ға көп. Олардың ішінде шағын және орта
кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 3761 бірлік, ЖК – 14 203 бірлік, ш/қ – 188
бірлік.
                                   5


                Шағын және орта бизнестің белсенді
                     субъектілері, мың бірлік
                                                         18,1



                                       11,6
                 11,3




                2009 ж.            2010 ж.             2011 ж.

      Шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындар саны 2010 жылмен
салыстырғанда 2011 жылы 2,0%-ға артып, 85,9 мың адам құрады. Бұл
қаланың экономикалық белсенді тұрғындарының 40,0%. Олардың ішінде
шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындар саны (заңды тұлғалар) –
58 783 бірлік, жеке кәсіпкерлер – 26 708 бірлік, шаруа қожалықтары – 399
бірлік.

                    Шағын және орта кәсіпкерлік саласында
                     жұмыс істейтіндер саны, мың адам
          100

           80
                                                       85,9
                                        81,8
           60             78,1

           40

           20

            0
                        2009 ж.        2010 ж.       2011 ж.



      2012 жылғы 1 қаңтардағы ШОК субъектілері шығарған өнім 2010
жылмен салыстырғанда 3,1%-ға артып, 290,0 млрд.теңге құрады.
      Шағын және орта бизнесті дамытудың пәрменді құралдарының бірі
Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасын жүзеге асыру болды.
      Ағымдағы жылдың өткен мерзімі ішінде 63 кәсіпкерге қолдау
көрсетілді.
      Олардың ішінде, бірінші «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бағыты
бойынша 42 қалалық компанияларға жалпы сомасы 10665,5 млн.теңгеге, 5
кәсіпорынға кепілдеме бойынша 3 343,2 млн.теңге сомасына, 15 компанияға
(1 122,2 млн.теңге) өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге пайыздық
мөлшерлемелермен демеу қаржы берілді. Бұл жобалардың көпшілігі 2011
жылғы Индустрияландыру картасына кірді.
                                                  6

     Үшінші «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін азайту» бағыты
бойынша «Ақтөбе металл емес құбырлар зауыты» ЖШС 2 744,1 млн.теңге
сомасына қолдау көрсетілді.
     2011 жылы бөлшек тауар айналымының көлемі 229,2 млрд.теңге құрап,
өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 22,2% -ға өсті. Облыстың
бөлшек тауар айналымындағы Ақтөбе қаласының үлестік салмағы орташа
алғанда соңғы үш жылда 93% деңгейінде тұр.


               Ақтөбе қаласындағы бөлшек тауар айналымы
    250,0
                                                                                  122,2%
                                                       119,3%
    200,0               118,3%                                                  229,2
    150,0
                                                   173,5
    100,0             134,7

     50,0

      0,0
                     2009 ж.                      2010 ж.                      2011 ж.
             бөлшек тауар айналымының көлемі, млрд.теңге               табиғи көлем индексі, %



Экономиканың басты салаларының бірі ауыл       шаруашылығы          болып
табылады. Сондықтан да, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасының
басты бағыты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агробизнестің тиімді
жүйесін қалыптастыру, ауылшаруашылық өнімдерін сату және ішкі және
сыртқы рынокта оның қайта өңдеу өнімдерінің көлемін арттыру сияқты
міндеттерді жүзеге асыру болды.
     2011 жылы жалпы өнім көлемі 10,2 млрд.теңге, табиғи көлем индексі
100,9%-ға құрады.

                         Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығының
                                      жалпы көлемі
      16,0


      12,0


       8,0                                                                     10,2
                        7,5                           8,7
       4,0


       0,0
                      2009 ж.                     2010 ж.                     2011 ж.

                              ауыл шаруашылығының жалпы көлемі, млрд. теңге

     Ауыл шаруашылығы саласында ел Президенті белгілеген басты міндет
– еңбек өнімділігін 2014 жылы екі есе, 2020 жылға төрт есе көбейту, сол
                                     7

сияқты етті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі теңдессіз жобаны жүзеге
асыру.
      Өткен уақыт ішінде мал шаруашылығын одан әрі дамыту үшін орта-
және ірі тауарлы шаруашылықтар санын көбейту жұмыстары, асыл тұқымды
мал шаруашылығын дамыту жөнінде үлкен жұмыстар жүргізілді.
      Нәтижесінде орта және ірі мал шаруашылықтарының саны 11 ауыл
шаруашылығы кәсіпорындарын құрады. Сүт бағытындағы ірі мүйізді
қараның асыл тұқымды бастары өткен жылмен салыстырғанда 213 басқа, қой
– 340 басқа артты.
      Жүргізілген жұмыс шаруашылықтың барлық санаттарында ет өндірісі
көлемін 104,6%-ға (7936 тонна), сүтті 102,8 %-ға (23542 тонна), жүнді
129,0%-ға (101,2 тонна) арттыруға мүмкіндік берді.

      Өсімдік шаруашылығында құрылымдық және технологиялық
әртараптандыру, басым ауыл шаруашылығы дақылдарын егу ауданын
кеңейту жөнінде жұмыс жалғасуда.
      2011 жылы дәнді-дақылдар егу ауданы 17,5 мың гектар, соның ішінде
бидай 16,3 мың гектар, майлы дақылдар 1,8 мың гектар жерге егілді.
      Сондай-ақ өсімдік шаруашылығында картоп пен көкөніс өсіру
жөніндегі ірі мамандандырылған шаруашылықтар құрылуда.
      2011 жылы екі көкөніс сақтау қоймасы пайдалануға берілді:
       Килико Тун» ЖШС – сыйымдылығы 3000 тонна көкөніс өнімдері
болатын жаңа 6 секциялы көкөніс сақтау қоймасын жасау. Бұл көкөніс сақтау
қоймасында осы заманғы салқындату және желдеткіш құрал-жабдықтары,
микроклиматты басқару, сақтау қоймасын дистанциялық басқару жүйесі
пайдаланылды.
       «Ақтөбе көкөніс» АҚ – онда да қысқы уақытта 2000 тонна көкөніс
өнімдерін сақтауды қамтамасыз ететін 6 секция – қоймалар бар. Бұл көкөніс
сақтау қоймасында осы заманғы салқындату және желдеткіш құрал-
жабдықтары, микроклиматты басқару жүйесі, сол сияқты төсеу, сұрыптау
қойма техникасы пайдаланылды.
      Одан басқа 2011 жылы 2 гектар жердегі «Әлем Тағам» ЖШС бір
жылыжай шаруашылығы іске қосылды. Жоба бірінші кезекте ішкі рынокты
жеміс-көкөніс өнімдерімен, оның ішінде томатпен және қиярмен толтыруға
бағдарланған.
      Барлық 3 жоба да Ақтөбе облысының Мемлекеттік үдемелі
индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асырылды.
Ауыл шаруашылығы саласындағы тағы да бір жаңа жоба «Анди» ЖШС 500
басқа арналған сүт-тауарлы фермасының құрылысы болып табылады, оның
негізгі бағыты мүйізді ірі қараның сүт тұқымын өрістету, бәсекеге қабілетті
сүт өнімдерін шығару және өткізу болып табылады.
      Алдағы жұмыс саланы одан әрі әртараптандыруға бағытталатын
болады, оның басында осы заманғы ылғал сақтау және тамшылап суару
технологияларына толық көшу жөніндегі жұмыс тұр.
                                    8

     Суарылатын егіншілікті дамыту жөнінде алдымызда зор жұмыстар тұр.
Мал шаруашылығын сапалы жаңа деңгейге көтеру және осы негізде ішкі
рыноктың сұранысын барынша қанағаттандыру қажет болады.

Азық-түлік қауіпсіздігі

      Қалалық әкімдіктің алдында тұрған тағы да бір маңызды міндет – ол
ішкі рыноктағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.
      Маңызды әрі өзін жақсы көрсеткен құрал әлеуметтік маңызды азық-
түлік тауарларына (нан, ұн, шәй, сүт, сиыр еті, қант, тұз, сары май және
күнбағыс майы, жұмыртқа, картоп, жуа, қырыққабат, сәбіз, алма және басқа
да тауарлар) 10%-дан аспайтын сауда үстемесін қолдану туралы ірі сауда
желілерімен қол қойылған ынтымақтастық туралы Меморандум жасау болып
табылады. Одан басқа, Тұрақтандыру қоры тауарларын өткізу үшін жеңілдік
жағдайларында сауда орындарын беру жөнінде «Орталық», «Алтай»,
«Тұрғынқалашық», «Ануар», «Табыс» азық-түлік базарларымен қол
қойылған Меморандум. «Savola Foods» ЖШС-мен бекітілген босату бағасы
бар (1 литр үшін 256 теңге) 400 тонна көлемінде өсімдік майы резервін
жасауМеморандумге қол қойған кәсіпкерлік субъектілері қаланың ірі сауда
объектілері; жөнінде жеке Меморандум жасалды. «Анвар» ЖШС, «Кабиев и
К» ЖШС, «Актобе Центр СМ» ЖШС, «Олжа» гипермаркеті, «Грин март»
супермаркеті болды. Осы дүкендер желілері қаланың 70,0%-дан астам
тұрғындарын қамтамасыз етеді, сондықтан да негізгі азық-түлік тауарларына
бекітілген бағаларды қолдану бағаларды тұрақтандырудың тиімді
шараларының бірі болып табылады.
      Алынған шаралар тек баға жағдайына әсер етіп қоймай, сонымен бірге
тамақтың негізгі өнімдерінің қажетті көлемін де қамтамасыз етеді. Қаланың
сауда желісі қажетті тауарлармен жеткілікті мөлшерде және тұтыну
нормаларына сәйкес қамтамасыз етілген.
      2011-2012 жылдардағы маусым аралық кезеңдегі бағалардың құбылуын
деңгейлестіру жөніндегі алдын-алу шаралары ретінде Үкімет ұсынған 7 атау
бойынша азық-түліктің Тұрақтандыру қорын жасау жөніндегі жұмыс
аяқталып келеді, олар – қарақұмық жармасы, күріш, қант, өсімдік майы,
картоп, жуа, сәбіз және осы тізбеге қосымша біз мынадай 3 түрін: қызылша,
қырыққабат, ет қостық. ҚР Үкіметінің қолдауымен осы мақсатқа 800,0
млн.теңгеден астам қаржы бөлінді.
      Атқарушы биліктің жүргізіп отырған жұмысының арқасында бағалар
мен тұтыну тауарлары мен қызметтерінің тарифі 106,8% құрады, бұл
республикадағыдан 0,6 пайыздық тармаққа аз, соның ішінде азық-түлік
тауарлары бойынша – 108,7% (республика бойынша 109,1%).
                                          9




     2011 жылы «Кабиев и К» ЖШС компаниясымен «Дина» дүкені, «Rifma
Group» компаниясымен «Олжа» дүкенінің ірі сауда алаңдары іске қосылды.
     2012 жылғы 1 тоқсанға осы заманғы сауданың ірі инвестициялық
жобаны – 4 800 шаршы метр сауда алаңы болатын «Метро Кэш энд Кэрри»
көтерме сауда Орталығының құрылысын жүзеге асыру жоспарланды.
     Мұндай жобаларды жүзеге асыру тамақ өнімдерінің тауарлар ағымын
көбейтуге ықпал етеді және бағалар деңгейін тұрақтандыруға ықпал ететін
болады.
              Барлық меншік түрі бойынша тұрғын үйді
                        пайдалануға беру
  500,0

  400,0

  300,0

  200,0                                       292,1                    300,4
                272,2
  100,0

    0,0
               2009 ж.                     2010 ж.                     2011 ж.

            барлық меншік түрі бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру, мың ш.м.

     Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттің басым
міндеттерінің бірі болып табылады.
     2011 жылы 2011-2014 жылдарға арналған жаңа Тұрғын үй
бағдарламасын жүзеге асыру басталды, оның мақсаты тұрғындардың қалың
тобына тұрғын үйге қол жетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Біздің
қаламызда алғашқы рет «Тұрғын үй құрылыс жинақ» жүйесі бойынша
тұрғын үй құрылысы басталды, 26,1 мың шаршы метр пайдалануға берілді.
Одан басқа, пәтерлерінің жалпы ауданы 7, 254 мың шаршы метр болатын
жалдамалы тұрғын үй құрылысы аяқталды, сол сияқты мүгедектерге
арналған жалпы ауданы 3019,2 шаршы метр 40 пәтерлі тұрғын үй және
                                   10

жалпы ауданы 3 626,8 шаршы метр 72 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй
пайдалануға берілді, олардың құрылысы 2010 жылы басталды.
      2011 жылы басталған Тұрғын үй бағдарламасы одан әрі жалғасатын
болады.
      Сонымен, 2012 жылғы жоспарда жаңа «Ақтөбе-Сити» ықшам
ауданында «Тұрғын үй құрылыс жинақ» жүйесі бойынша тұрғын үй
құрылысы жоспарланған.
      2011 жылы Мемлекеттік 2020 жылға дейінгі тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру
басталды, оның негізгі мақсаты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу
болып табылады.
      Пәтер иелерінің өткізілген жалпы жиналыстарында үйлер анықталып,
үйлер тұрғындарының келісімі негізінде 1-ші механизм (үйді толық жөндеу)
бойынша жөндеу жүргізілді.8 үйдің пәтер иелері 276,1 млн.теңге сомасында
әзірленген жобалық-сметалық құжаттамаларын бекітті. 6 үйде орнатылған
автоматы жылу беру (АЖБ) жылуды 40%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік
берді. Бұл механизм бойынша жұмыс құны 1 үйге 20 млн-нан 47 млн.теңгеге
дейін болады.
      Ортақ мүліктің жөндеу жұмыстарын жүргізудегі 2-ші механизм
бойынша (шатырды, қасбетті, жертөлені, кіреберістерді жөндеу) 47 тұрғын
үй жөнделінді. Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2-ші механизм
бойынша «Табыс-Ақтөбе» МК 343,8 млн.теңге бөлінді.
      Сөйтіп, 2020 жылға дейін жүзеге асырылатын осы бағдарлама
арқасында пәтер (жайлар) иелерінің өз үйлеріне күрделі жөндеу жүргізуге
мүмкіндіктері бар, бұл келешекте қаланың тұрғын қоры проблемаларын
азайтады.

Қаланы көркейту

      Қала әкімдігінің маңызды міндеттерінің бірі тұрғындардың салауатты,
қолайлы және мәдени тұрмысын құру үшін қаланы сыртқы көркейту және
көгалдандыру саласын сапалы дамыту болып табылады.
      2011 жылы елімізде «Жасыл жапырақ» акциясы басталды, оған біздің
қаламыз да белсене қосылды. Ағымдағы жылы 773 641 ағаш, оның ішінде
қолмен және механикаландырылған тәсілмен 442 047 ағаш көктемгі мезгілде
және 331 594 ағаш күзгі мезгілде отырғызылды.
      Өткен жылғы ағаш көшеттерін отырғызу жөніндегі атқарылған көлем –
бұрынғы жылдары егілген ағаш орташа алғанда жылына 10 000 данадан
аспағанын ескерсек, бұл орасан зор жұмыс.
                                   11


             2009-2011 жылдар ішінде Ақтөбе қаласында
                     ағаш отырғызу, мың дана.


                                          15 25

                                                    2009 ж.

                                                    2010 ж.

                                                    2011 ж.

                     773,6




      Ақтөбе қаласын одан әрі дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын
жүзеге асыру аясында 2011 жылы қазан айында 100,0 мыңдай бағалы жалпақ
жапырақты ағаш түрлерін отырғызып, ауданы 30 гектар жерге жаңа саябақ
егілді.
      Қала аумағында 20,0 мыңнан астам шаршы метрге гүлзарлар отырғызу
жөнінде жұмыс жүргізілді.
      Қала келбетіне көгалдар орнатуға зор рөл бөлінеді. 2011 жылы жалпы
ауданы 104 866 шаршы метр көгалды егу, күту және жөндеу жұмыстары
жүргізілді.
      167 объектіде, соның ішінде гүлзарларда, саябақтарда, көпірлерде
санитарлық-күту жұмыстары жүргізілді, бұл 5 535,6 мың шаршы метр
құрайды. 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы барлығы 239,8 мың
шаршы метрге көп объектілер қамтылды.

              2009-2011 жж. Ақтөбе қаласында санитарлық
              тазарту мен көркейту жұмыстарының көлемі,
                               мың ш.м.
      5600
      5500
      5400                                         5535,6
      5300
      5200
                                 5295,7
      5100
      5000
      4900       4992

      4800
      4700
                2009 ж.          2010 ж.          2011 ж.
                                    12

      Жұмыстың осы түрлері бойынша көлемінің арту қарқынын атап өту
керек. Сонымен, 2012 жылы жиналатын аудан 5 735,6 мың шаршы метр (179
объект) құрады, бұл қаланың жаңа Болашақ және Батыс-2 ықшам
ауданындағы көшелердің қосылуы есебінен 200,0 мың шаршы метрге көп.
      Сондай-ақ, 2011 жылы Ақтөбе қаласы аумағындағы Ә. Молдағұлова,
Қан мен Тер, Байғанин, Әбілқайыр хан, Абылай хан, Жангелдин, Мәңгілік
От, Зеңбірек, Түйетөбе, Бауырластар зираты тарихи ескерткіштері мен
мемориалды кешендеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді, олардағы өңдегіш
тақталар ауыстырылып, жазбалары жаңартылды.
      М. Оспанов көшесі мен Әбілқайыр хан даңғылы қиылысына нөсер
жаңбыр кәрізі, сол сияқты М. Оспанов көшесі мен Ағ.Жұбановтар көшесі
қиылысында, су қабылдау құдықтары орнатылды, Ә. Молдағұлова мен
Әбілқайыр хан даңғылдары қиылысындағы нөсер жаңбыр кәрізі қалпына
келтірілді. Одан басқа, 5 ықшам аудандағы көпір ауданында су жіберу кәрізі
орнатылды.
      Ағымдағы жылы «Батыс-2» тұрғын массиві аумағынан жаңбыр және
тасқын суларының су жіберу құрылысы жоспарланды, ол үшін бюджете
107,8 млн.теңге қарастырылған.
      Көркейту объектілерін одан әрі дамыту үшін 2011 жылы Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы Орталық саябақты қайта
жарақтандыру, Тургенев көшесінен Нокин даңғылына дейінгі Сазды өзенінің
арнасын жайластыруға, сол сияқты Нокин даңғылы артындағы Сазды
өзеніндегі шлюз құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.
      2012 жылға арналған бекітілген бюджетте облыстық бюджеттен Сазды
өзенін көркейтуге облыстық бюджеттен 372,7 млн.теңге, шлюз құрылысына
33,8 млн.теңге бөлінді.

     Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі акциясы

      2011 жылы Елбасының қатысуымен қалада біздің ақтөбелік жастар
2010 жылы бастама жасаған «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі»
республикалық акциясы басталды
      Акцияға 10775 оқушы мөлшерінде 25 колледж, сол сияқты 13030 қала
мектептерінің оқушылары қатысты, акцияда барлығы 23 805 оқушылар мен
студенттер жұмыс істеді.
      Марафонға қатысушылар үлкен көлемді жұмыстарды атқарды:
      - қалаға кіретін 7 жердегі (Мәртөк, Қобда, Орск, Хромтау, Алға
трассалары, Богословка кенті бағытына шығатын жер, Россовхозға баратын
жол) жол маңы аумақтары мен мен ағаш алқаптарын (ұзындығы 285 км)
жинау. 2950 қураған ағаштар кесіліп, 230,0 мың материалдар шығарылды;
      - 100 мектеп пен мектепке дейінгі ұйымдарға жақын маңдағы аумақ
көркейтілді, жалпы қамту 320 гектар жер;
      - 20 спорт алаңын жөндеу, оның ішінде қалпына келтіру (№: 2,6,21,25,
30, 36, 38 ОМ, Георгиевская ОМ, №: 1, 12, 20, 23, 26, 32, 34, 42 ОМ,
Пригородная, Благодарная, Елек, Ақтөбе ОМ көркейтілді);
      - 37 қалалық саябақтар мен гүлзарларды көркейту;
                                   13

      - қаланың 37 көшесіндегі жолдардың жүретін жерлерін тәртіпке
келтіру.

      Қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамыту – миллион
тұрғыны бар қала болу мақсатына негізделген міндет. Тиісті инженерлік-
коммуникациялық инфрақұрылымның болуы салынып жатқан тұрғын үйдің
уақытылы пайдалануға берілуін қамтамасыз ететін негізгі фактор болып
табылады.
      «Батыс-2» тұрғын массивіндегі салынып жатқан тұрғын үйді уақытылы
пайдалануға берілуін қамтамасыз ету үшін жалпы сметалық құны 1,8 млрд.-
тан астам теңгеге мынадай инженерлік желілердің құрылысы аяқталды:
       жалпы ұзындығы 46,9 км электрмен жабдықтау желілері.
(Лесное тұрғын массиві, Россовхоз селосы, 41 разъезд ауданы);
       жалпы ұзындығы 38,9 км сумен жабдықтау желілері (Заречный 4
тұрғын массиві, Ясный 2 кенті, «Батыс – 2» ықшам ауданы);
       жалпы ұзындығы 70,7 км газбен жабдықтау желілері. ( К. Нокин
ауылы, Қызылжар 1,2 кенті, Лесное селосы, Заречный-3 кенті (3-кезек),
Қурайлы тұрғын массиві);
       жалпы ұзындығы 38,25 км кәріз желілері. (Батыс ықшам ауданы, 12
«Б» ықшам ауданындағы аз қабатты құрылыс тұрғын массиві, «Ақтөбе-
Сити» - 1,2ықшам аудан,ы 3 кезек);
       жалпы ұзындығы 5,79 км Құмдақты өзеніндегі су қоймасының
құрылысы 5,79 км аяқталды.
                      2009-2011 жылдар ішінде пайдалануға
                     берілген инженерлік желілер құрылысы
                                 нысандар саны
                20                                    17

                                        13
                15
                            9
                10

                 5

                 0
                      2009 ж.     2010 ж.        2011 ж.

                                 нысандар саны



     312 Атқыштар дивизиясы даңғылында магистралды жылумен
жабдықтау желілеріндегі көтергіш сорғы станциясы пайдалануға берілді. Бұл
объектінің жалпы сметалық құны 265,0 млн.теңге құрайды. Сорғы станциясы
қолданыстағы желілердегі жылуға түсетін салмақты азайтуға және 11-12
ықшам аудандардағы және қаланың ескі бөлігіндегі тұрғындарды жылумен
тұрақты жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
     Сметалық құны 7,661 млрд. теңге «Ақжар-2» ПС 220/110/35/10 кВ
аралық станциясының құрылысы жалғасуда. Ендігі 4,776 млрд.теңге
                                   14

қаржыландырылды. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 2,0 млрд.
теңге бөлінді. Жобаны аяқтау 2013 жылға жоспарланып отыр. Бұл аралық
станция «Жетіқара-Өлке» ВЛ 500 кВ желісі бойынша алынатын электр
қуатын қайта бөлуге мүмкіндік береді. Одан басқа, ол жаңа тұрғын массив –
«Ақтөбе-Сити» ықшам ауданының қуат жүйесі жұмысының және электрмен
жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға арналған.
      Республикалық бюджеттен қосымша қаржыландыру есебінен мыналар
сияқты:
       елді-мекендерді (Россовхоз, Құрашасай (кв «А»), Сазды
(Бауырластар-1,2), «Бірлик» тұрғын массиві, Ақшат кентіндегі жаңа
құрылыстар ауданы, Рауан тұрғын массиві) газбен жабдықтау;
       елді-мекендерді электрмен жабдықтау (Ақжар кенті, Сазды-2
кенті, Заречный-4 кенті);
       сумен жабдықтау (ескі бөлік, Ақжар кенті, Жастар-2 ықшам
ауданы, «Юнис-сити» тұрғын массиві, Акжар-2 кенті (2-кезек) құрылысын
2012 жылы аяқтайтындай болып, 17 өтпелі объекті құрылысы басталды.
      Бұл жұмыстарды аяқтау үшін ағымдағы жылдың бюджетіне 4,6
млрд.теңге салынды.

     Автомобиль жолдары

      Қаланың көше-жол желісін дамытуды қамтамасыз ету мақсатында 2011
жылы мына объектілерде автожолдарды күрделі жөндеу: Ә. Молдағұлова
даңғылын күрделі жөндеу (кіші Әлия және Әбілқайыр хан мен Ә.
Молдағұлова даңғылдарының қиылысындағы оңға бұрылыс); 12б ықшам
ауданындағы аула жерлерін көркейту, М. Мәметова көшесіндегі көпір асты
жерлерін көркейту, көкөніс сақтау қоймасының алаңішілік автомобиль
жолдарын, № 25 мектептің кірме жолдарын, көп салалы балалар
ауруханасына кірме жолды жөндеу; жалпы ұзындығы 5,4 км Ә. Молдағұлова
мен Сәңкібай батыр даңғылдарының қиылысындағы «шеңбер типтес»
көліктің жол айырығын жайластыру жөнінде жұмыстар жүргізілді.
      Одан басқа, ұзындығы 11,1 км жерге селолық округтерде де жөндеу
жүргізілді:
      Сазды с/о – Ақтөбе-Богословка трассасынан Сазды кентіне дейінгі
автожол (2,4 км);
      Новый с/о – Советская көшесі (1,0 км); «Жаңа қоныс» кентіндегі
Жастар ықшам ауданының аула жерлеріне жақын автожолдар (0,5 км);
      Қарғалы с/о – Қарғалы селосындағы автожолмен бірге Ақтөбе-Орск
трассасының көліктік жол айырығы қиылысындағы автожол, сол сияқты
Заречный – 2, 3, 4 кенттерін жөндеу (6,2 км);
      және 41 разъезде – Қобыланды батыр көшесі (1,0 км).
      2012 жылға қаладағы жол қозғалысы қауіпсіздігіне және көлік
ағынының біркелкі бөлінуіне айтарлықтай ықпал ететін мынадай іс-шаралар
жүргізу жоспарлануда. Олар:
       Әз Наурыз (Шығыс) көшесіндегі көпір құрылысы. Әз Наурыз
көшесіндегі ұзындығы 500 метрдей көпір құрылысы кезінде төрт жолақ,
                                   15

Әкімжанов көшесі мен Әз Наурыз көшесін теміржол арқылы жалғастыратын
көпір көзделуде. Жекелеген учаскелердегі жүретін бөлікті кеңейту де
қарастырылуда. Әрбір көшені күрделі жөндеу ұзындығы 1,7 км құрайды;
       Әкімжанов көшесіндегі автомобиль жолын күрделі жөндеу;
       Әз Наурыз (Шығыс) көшесіндегі автомобиль жолын күрделі жөндеу
      Сол сияқты 12 ықшам аудандағы Сазды өзені арқылы көпір өткелінің
құрылысы және аталған көпір өткелінен Ғ. Жұбанова көшесіне дейін күрделі
жөндеу көзделуде. Осы іс-шараны жүргізу Ғ.Жұбанова, М. Оспанов,
Ағ.Жұбановтар көшелерінде және Әбілқайыр хан даңғылы мен М. Мәметова
көшесінің қиылысында соңғы жылдары пайда болған көлік ағынын
айтарлықтай азайтады.
      Қаланың әртүрлі аудандарындағы жолдарды жөндеу жөнінде өтініш
айтылған тұрғындардан түскен хаттарды ескере отырып, 2012 жылға келесі
көшелер мен жолдарға жөндеу жүргізу жоспарланды: Мирзоян көшесі,
Жанқожа батыр көшесі (Уәлиханов көшесінен Қонаев көшесіне дейін),
Чернышевский көшесі, Тургенев көшесі (Мир даңғылынан Чернышевский
көшесіне дейін),Ә. Молдағұлова даңғылынан «Тазалық» КМК ғимаратына
дейінгі автомобиль жолын күрделі жөндеу, Мир даңғылындағы жұмыс істеп
тұрған өткелді кеңейту. Жөнделінетін учаскелердің жалпы ұзындығы 4 км-
ден астам.
      Селолық округтердегі көшелер де назардан тыс қалмайды. Сонымен,
2012 жылы ұзындығы 1,0 км Қурайлы селосындағы Есет батыр көшесінің
автомобиль жолына күрделі жөндеу, Қарғалы селолық округінде 0-ден 8 км-
ге дейінгі «Ақтөбе-Орск» трассасын күрделі жөндеу (бөлу жолағы, орнатып
және ондағы көшені жарықтандыра отырып, жолдың жүретін бөлігін
кеңейту), ұзындығы 2,6 км Елек көпірінен «Орск-Хромтау» стелласына дейін
күрделі жөндеу жұмыстары жоспарлануда.


     Қоғамдық көлік

      Бүгінгі күні біздің қаламызда 49 автобус бағыты мен 1 троллейбус
бағыты жұмыс істейді, мұнда 500 бірлікке жуық үлкен, орта және шағын
сыйымдылықтағы автобустар, сол сияқты 10 троллейбустар жұмыс істейді.
      Жолаушылар тасымалы сапасын жақсарту үшін бар бағыттар
қозғалысының сызбасын өзгерту, белгілі бір бағыттардағы автобустар санын
көбейту, сол сияқты паркті үлкен сыйымдылықты автобустармен толықтыру
туралы қала тұрғындарының өтініштері қаралуда. Өткен жылы үлкен
сыйымдылықты 30 автобус алынды, олар өз кезегінде аса шиеленісті
бағыттарда жұмыс істейді.
      Жолаушылар жағдайларын жақсарту жөнінде жұмыстар жүргізілді – 23
аялдама пункттері белгіленді.
      Мүгедектерді оңалту Бағдарламасын жүзеге асыру іс-шараларын
орындау жөніндежеке жұмыстар жүргізілді. Сонымен, бүгінгі күні
«Автопарк» ЖШС мүгедек жолаушыларды кедергісіз түсіруге және
отырғызуға ыңғайластырылған 40 автобус бар.
                                     16

     Жолаушылар тасымалы бойынша бәсекелестік ортаны кеңейту
мақсатында «Троллейбус паркі» АҚ өзінің қызметі саласын кеңейтеді. 2011
жылы кәсіпорын шағын классты 50 автобус алды.

     Қоғамдық-саяси ахуал

      Ақтөбе қаласында 41: 20 мұсылман, 3православие, 1 католик, 15
христиан-протестанттық, 1 иудей, 1 кришна діни бірлестіктері бар.
      Аталған діни бірлестіктердің 22 діни объектісі бар. Олардың ішінде: 10
мешіт, 3 православие храмы, 8 христиан-протестанттық шіркеу, 1 рим-
католик приходы.
      Діни     бірлестіктер  көшбасшылары       діни     шыдамдылық     пен
конфессияаралық келісім қағидаларын ұстанады, бірлескен қайырымдылық
және басқа да акциялар өткізеді.
      Ақтөбе облысының діни істер Департаментімен, Қазақстан
мұсылмандарының Діни басқармасымен бірлесіп, діни экстремизмнің алдын
алу жөнінде жұмыстар жүргізіледі және дін ұстану бостандығы туралы
заңнаманың сақталынуына бақылау жасалады.
      2011 жылғы жазда қалада Қазақстан Республикасы діни істер Агенттігі
құрған ақпараттық-насихаттық топ жұмыс істеді.бұл топтың құрамында
жоғарыда аталған агенттік өкілдері, сол сияқты теологтар мен діндер өкілдері
болды.
      Исламның радикалды ағымдарының таралуына идеологиялық қарсы
тұру жөніндегі шараларды одан әрі жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе
қаласында 10 адамды қамтыған 32 кездесу, сол сияқты қала мешіттерінде 60
мың адамды қамтыған 20 уағыз жүргізілді. Аталған кездесулерді өткізу үшін
Қазақстанның басқа өңірлеріндегі ҚМДБ-ның өкілдері тартылды.
      Бүгінгі күні қаладағы және қаланың селолық округтеріндегі қоғамдық-
саяси ахуал тұрақты.
      Ағымдағы жылдың 15 қаңтарындаҚазақстанның барлық жерінде
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі (төменгі палата) және
мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Ақтөбе қаласында
125 сайлау учаскесі және 220,0 мыңнан астам сайлаушылар бар. Ақтөбе
қаласының тұрғындары азаматтық белсенділік танытты және сайлауға келу
63,6% құрады.

Жұмыспен қамту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау

     Әңгіме экономиканың қандай саласы туралы болмасын, біздің негізгі
міндетіміз әрқашанда қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты, оның
азаматтарының игілігі мен гүлденуін қамтамасыз ету болып қала береді. Дәл
осыны қашан да Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ең бірінші
қояды.
     Әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында қалада жұмыспен
қамтуға көмектесу және қабылданған «Жұмыспен қамту - 2020»
                                   17

Бағдарламасы аясында еңбек нарығындағы ахуалды одан әрі тұрақтандыру
жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру жұмысы болып белгіленді.
     Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарда 501
адам оқыды, кәсіби даярлықтан 178 адам өтті. Оқыту 6 колледжде және 2
лицейде 40 мамандық (жеміс-көкөніс өсіруші, сантехник, лифтер, газ-
электрмен дәнекерлеуші, шаштараз, аспаз, электромонтер, кірпішші-тас
қалаушы, газбен жабдықтау жүйелерін және құрал-жабдықтарды пайдалану
және құрастыру, геодезия және картография, машина жасау технологиясы
және басқалары) бойынша жүргізілді.
     Екінші бағыт бойынша кәсіпкерлікті дамыту аясында 52 адам
қамтылды.
     2011 жылы жастар тәжірибесіне 614 оқу орнын бітірушілер жіберілді. 8
бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, оған 80-ге жуық жұмыс берушілер
қатысты және әртүрлі мамандықтар бойынша 801 бос орын шығарылды,
жәрмеңкелер қорытындысы бойынша 341 адам жұмысқа орналастырылды.

                     2009-2011 жж. бос қызмет орындарының
                       жәрмеңкелері нәтижесінде жұмысқа
                        орналастырылған адамдар саны
             400
                                         321            341
             350
             300
                       240
             250
             200
             150
             100
             50
              0
                      2009 ж.           2010 ж.      2011 ж.



      Тұтастай алғанда, 2011 жылы 12 627 жаңа жұмыс орындары ашылып,
1085 адам қоғамдық жұмыстарға, 322 адам әлеуметтік жұмыс орындарына
жіберілді.
      Бағдарламаны жүзеге асыру жұмыссыздар санын азайтуға мүмкіндік
берді. Сонымен, 2012 жылғы 1 қаңтарда тіркелінген жұмыссыздар саны 284
адам құрады, бұл 2011 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 322 адамға
аз, белгіленген жұмыссыздар деңгейі 0,2% (01.01.2011 жылғы 0,3%) құрады.
      Жастардың     әлеуметтік    бейімделуіне     мемлекеттік   көмектің
маңыздылығын ескере отырып, 2012 жылы жастар тәжірибесіне 500-ге жуық
адам жіберу жоспарлануда. Сондай-ақ, қоғамдық жұмыстарға 1100 адам,
әлеуметтік жұмыс орындарына 755 адам жіберілетін болады.

     Білім

     Қазақстандағы білім реформаларының жалпы мақсаты білім жүйесінің
жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады.
                                   18

      Бүгінгі күні Ақтөбе қаласында 48 728 оқушыны қамтитын 64 білім
мектептері мен бала саны 12 267 болатын 44 мектепке дейінгі ұйымдар; 247
бала бар 2 мектеп-бақша; 387 бала бар 7 жеке балабақша; 653 бала бар 19
шағын орталық; 11 156 оқушысы бар 13 мектептен тыс мекеме жұмыс
істейді.
      Мектеп және мектепке дейінгі жастағы балаларды жалпы қамту оқу
жылының басында 62 282 құрады.
      2011 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге 2 459 түлек қатысты. Ұлттық
бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша орташа балл қала бойынша 87,3
баллды құрады.
      ЖОО-на түскен түлектер саны 2267 немесе орта мектепті бітірген
түлектердің жалпы санының 80,8%-н құрайды.
      12-жылдық оқыту үлгісіне көшуге дайындыққа ерекше көңіл бөлінеді,
оның негізгі мақсаты жоғары сапалы білімді және әлемдік білім
стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз ету болып табылады.
      Бүгінгі күні № 24, 51 мектептерде эксперименттік және бақылау
класстары анықталды. Жыл бойына мектептердегі білім, икем мен дағды
деңгейлері қаралып отырады, бақылау бөліктері, тесттер өткізіледі, оқу
техникасы тексеріледі.
      «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы білімді
дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы» аясында 2014 жылға дейін біздің
қаламызда 11 мектеп салу жоспарланып отыр.
      Елбасының тапсырмасына сәйкес «Назарбаев, интеллектуалды
мектебі» мектептер желісі құрылады, жақын уақытта мұндай мектеп біздің
қаламызда да жұмыс істейтін болады. Бүгінгі күні «Батыс» ықшам
ауданынан жер учаскесі бөлінген, инженерлік желілер бойынша жұмыстар
аяқталып келеді.
      Сабақтар ауысымдылығын азайту және оқу-тәрбие процесін
ұйымдастыру сапасын арттыру үшін оқу орындарының тапшылығынан мына
аудандарда: Садовое кентінде 100 орындық, Заречный-2 кентінде 150
орындық, Ақжар кентінде 150 орындық, «Гүлдерде» 600 орындық, Оңтүстік-
Батыс-1 кентінде 600 орындық жалпы білім беретін мектептер құрылысы
басталды.
      Білім ұйымдарына күрделі жөндеу жұмыстары жалғасты, сол үшін
2011 жылы жергілікті бюджеттен 280,0 млн.теңге бөлінді, 26 мектепте, 13
балабақшада және 2 мектептен тыс ұйымда жөндеу жұмыстары жүргізілді.
      Білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасына үлкен көңіл
бөлінеді, жыл сайын бюджеттік қаржыландыру көбеюде. Жаңа үлгідегі
пәндік кабинеттермен жалпы білім беретін мектептерді жабдықтау жөніндегі
жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.
      2012 жылғы бюджетте 4 мектепті (№ 39 ОМ, № 2 ОМ, № 18 ОМ,
Георгиевский ОМ) күрделі жөндеуге 62,0 млн.теңге сомасында қаржы
жоспарланды.

      «Балапан» республикалық бағдарламасы аясында мектепке дейінгі
білім желісі кеңейтілді.
                                                          19

      2011 жылы 2 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым (320 орындық № 43
«Гүлдәурен» және 140 орындық № 42 «Балақай») және 3 жеке балабақша
(Кірпішті кентіндегі 140 орындық «Аружан», Ғ.Жұбанова көшесі
ауданындағы 70 орындық «Амина», 80 орындық «Кен и Барби») пайдалануға
берілді.




               2009-2011 жылдары Ақтөбе қаласындағы мектепке дейінгі білім
                               беру нысандарының саны


                                                                                                       72
75                                                                                                67
                                                                                             50

              41   44
50
         34
                                                                                  19    19
25                                                                  7         7
                                  5   3   2           4        4

 0
       Мемлекеттік        Мектеп-бақшалар     Жеке мектепке             Мини-орталықтар      Барлығы
     мектепке дейінгі                         дейінгі ұйымдар
        ұйымдар


                                          2009 ж.         2010 ж.       2011 ж.



     Сөйтіп, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 41,1%-ға дейін
немесе 13 554 орынға жетті.


                     2009-2011 жж. Ақтөбе қаласындағы мектепке
                    дейінгі ұйымдар топтарындағы балалар саны
        37

        36
                          36
        35
                                                      35
        34
        33

        32
                                                                                   32
        31

        30
                        2009 ж.                     2010 ж.                       2011 ж.



     2012 жылы «Оңтүстік-Батыс» және «Жаңақоныс» ауданында 150
орындық 2 балабақша салу жоспарлануда, олардың құрылысы 2011 жылы
басталды, сол сияқты 340 орындық екі ғимарат (11 ықшам аудандағы 140
                                   20

орындық сот-медсараптама ғимараты мен Сазды ауданындағы 200 орындық
ғимарат) босатылып, қайта жарақтандыру басталды, мектептер жанынан
шағын орталықтар ашылды.
      Сол сияқты, 585 орындық 2 жеке балабақшаны (12 ықшам аудандағы
215 орындық балабақша және 370 орындық «Умники и умницы» мектепке
дейінгі орталық) пайдалануға беру жоспарлануда.


     Мәдениет

     Тұрақты негізде қалалықтардың бос уақытын ұйымдастыру жөнінде
белсенді жұмыс жүргізіледі, жұмыстың жаңа, қызықты түрлері енгізіледі,
соңғы жылдары қалалықтарды көркемөнерпаздар үйірмелері мен халық
ұжымдары арқылы өнерге жақындатуға үлкен көңіл бөлінеді.
     Қазақстан халқы мәдениетін насихаттау мақсатында қалада мәдени-бос
уақыт объектілері: мәдениет үйлері, кітапханалар, мәдениет және демалыс
саябақтары, соның ішінде, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақ, А.
Пушкин атындағы саябақ, Ретро-парк және басқалары жұмыс істейді.
Ақтөбеде халық және үлгілі атақтарына ие 7 шығармашылық ұжым бар.
     2011 жылы 1460 мәдени-бұқаралық шаралар өткізілді.
     Өткен жылы мәдениетті одан әрі дамыту үшін 354,3млн.теңге, оның
ішінде материалдық-техникалық базаны нығайтуға 35,1 млн.теңге бөлінді.
     Қалада тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жүргізіледі. Құжат
айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жыл сайын көбейіп келеді. Егер
2007 жылы қазақ тілінің үлесі тек 81,0% құраса, 2010 жылы 95,0%, 2011
жылы 98,0% құрады.


     Спорт және салауатты өмір салты

      Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қалада спорттың
бұқаралық түрлерін дамытуда үлкен жұмыстар жүргізілуде, сол сияқты
спорттық іс-шараларды қаржыландыру көбеюде.
      Қалада 415 спорттық құрылыс бар, спорттың 51 түрі бойынша 14
БЖСМ және 1 олимпиада резервін дайындау орталығы жұмыс істейді.
      Қазақстан   Республикасы   Президентінің  Жолдауын     орындау
мақсатында Ақтөбе қаласының әкімдігі дене шынықтыру және спортпен
жүйелі айналысуға қала тұрғындарының 30% тарту жөнінде іс-шаралар
әзірледі.
      2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай дене шынықтырумен және спортпен
тұрғындарды қамту 23,7% құрайды.
                                               21


             2009-2011 жж. жүйелі дене шынықтырумен
            және спортпен шұғылданатын Ақтөбе қаласы
                       тұрғындарының үлесі
                                                                 23,7
                                            19,8
      25
                        14,2
      20

      15

      10

       5

       0
              2009 ж.                2010 ж.              2011 ж.
                         тұрғындардың жалпы санындағы үлесі, %



     2011 жылы қалада 129 ірі спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 98,0
мыңнан астам адам қатысты. Облыстың құрама командасының құрамында
қала спортшылары ағымдағы жылы 324 алтын, 271 күміс, 352 қола
медальдарды жеңіп алды.
     6 спорт алаңдары, соның ішінде 1 хоккей корты және 5 мини-футбол
алаңы салынды.
     Спорт объектілерін дамыту 2012 жылы да одан әрі жүзеге асырылатын
болады, бюджеттік қаржы есебінен салынып жатқан Батыс-2 ықшам
ауданында бассейн құрылысы жоспарланды.
     Одан басқа, бизнесті әлеуметтік жауапкершілікке тарту жөнінде
мақсатты бағытталған жұмыс жүргізіледі және осы жылдан бастап
демеушілік қаржы есебінен аулалық спорт алаңдарын салу жұмысы
басталады.

     Азаматтар өтініштерімен жұмыс

    2012 жылдың 12 айы ішінде қала әкімінің аппаратына 25047
азаматтардың өтініштері мен барлық түрдегі қызметтік құжаттар түсіп
тіркелді; оның ішінде қызметтік құжаттар – 10 645, азаматтардың өтініштері
14 430, оның ішінде: жазбаша – 13616, ауызша – 814.
      Жеке қабылдауларда менің тарапымнан 171 адам, менің
орынбасарларым 643 адам қабылдаған. Жалпы құжат айналымы 54 985 құжат
құрайды. Мемлекеттік тілдегі азаматтардың арыз-шағымдары мен қызметтік
құжаттар үлесі 76,4%. Мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарының үлесі –
96,5%.


    Қала әкімі аппаратына түскен 13616 жазбаша өтініш көрсетілген
мәселелері бойынша төмендегідей бөлінеді: тұрғын-үй жағдайын жақсарту,
беру – 680, тұрғын-үй қорының құрылысы және жөндеуден өткізу – 2943,
сумен қамтамасыз ету – 40, басқа да тұрғын үй-коммуналдық мәселелер –
                                      22

557, жер мәселесі – 8648, білім беру – 47, әлеуметтік қамсыздандыру – 138,
көлік – 44, сауда – 43, еңбек мәселесі – 17, басқа да мәселелер – 478.
     Азаматтар мен заңды тұлғалардың барлық қаралған жазбаша және
ауызша      16 173     өтініш    бақылауға      алынды,     олардың    5 081-і
қанағаттандырылды, 8535-не түсіндірме берілді.

                             Құрметті ақтөбеліктер!

      Жыл қорытындысы біздің дамуымыздың ырғақтылығын растайды, бұл
бәрінен бұрын, ортақ еңбек болып табылады. Таңдалынған даму стратегиясы
ұзақ мерзімді нәтижелерге, қалалықтардың тұрмыс сапасын арттыруға
бағытталған. Алдағы жылдың инвестициялық саясаты негізінен экономикаға
және тұрғындарды жұмыспен қамтуды қолдауға арналған аса жоғары
мультипликативті нәтиже көрсететін әлеуметтік-экономикалық жоспардағы
аса маңызды жобаларға қайта бағдарлауды ескере отырып, іске асырылатын
болады.
      Әрине, алғашқы кезекте шешу қажет проблемалар мен міндеттер әлі де
бар. Олардың барлығы да шешілетін болады. Ол үшін биліктің, бизнестің
және халықтың үйлестірілген әрекеті қажет.
      Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстандық жолдың
жаңа сатысы – бұл экономиканы дамытудың, халық игілігін арттырудың
жаңа міндеттері.
      Қазақстандықтар – бұл біртұтас, кемелденген және күшті халық.
Дегенмен, біз жай уақытта өмір сүріп отырған жоқпыз, жан-жағымыз қауіпке
толы. Біздің борышымыз – экономиканы осы сынаққа дайындау, оны
әртараптандыруды жалғастыру – деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев, он
бағыт бойынша міндеттер кешенін белгілей отырып.
      Әлеуметтік-экономикалық жаңғырудың он бағытының міндеттерін
орындасақ, біз басты міндетті атқарамыз – халқымыздың игілігін
арттырамыз.

								
To top